"Жасыл" аймақта екі мегаполис пен 9 облыс тұр

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

8 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы арнасы.

"Қызыл" аймақта бір де бір өңір қалған жоқ.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 704 адам тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 977 031-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945828-zasyl-aimaqta-2-megapolis-pen-9-oblys-tur/