Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гандболдан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны қосылды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/qazsport_official

Әлем чемпионаты аясында гандболдан Қазақстан мен Иранның әйелдер құрамасы арасындағы матч алдында қызық оқиға орын алды.

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып жіберген. Ескі әнұранды естіген спортшылар абдырап қалды деп жазады Sports.kz.

Соған қарамастан, отандық спортшы қыздар уақытында ұйымдасып, Қазақстанның әнұранын жанды дауыста орын шырқады.

Осылайша, қазақстандықтар қарсыластарын 31:25 есебімен жеңіп, 2021 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өтті.

Жақын арада біздің құрама Германия, Чехия және Венгрияның қарсыластарымен ойнауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945839-gandboldan-alem-cempionatynda-qazaqstannyn-eski-anurany-qosyldy-video/

pixel