Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында мал іздеуге шыққан ер адам жоғалып кетті

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Атырау облысында мал іздеуге шыққан 41 жастағы ер адам адасып кеткен, деп хабарлайды Қазaқпарат.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты .

Ведомство мәліметінше, 6 желтоқсанда сағат 20:00 шамасында Қызылқоға аудандық полиция бөліміне 41 жастағы ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Миялы ауылында тұратын әйелдің айтуынша, күйеуі – 41 жастағы Асхат Көшелековтің Жангелдин ауылының аумағындағы "Қазы" қыстағынан мал айдап​ келуге кеткен. Алайда, үйіне қайта оралмаған.

Тәртіп сақшылары жедел жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған ер адамды кешкі сағат 23.30 шамасында ауылдан 40 шақырым қашықтықтағы "Жұмыршы" учаскесінен тапты.

Ал Асхат Көшелековтің айтуынша, 2 айдан бері жоғалған малын іздеген. Ол ауылға қайтар жолда адасып кеткен. Күні бойы тамақтанбай, жауын астында қалып, әбден әлсіреген.

"Соңғы күндері ауа-райы күрт өзгеріп, тұманның түсуі жиіледі. Бұл іздестіру жұмысын қиындатты. Бірақ, іздестіруді тоқтатпадық. Біз адасып кеткен Асхат Көшелековті тапқан сәтте оған алғашқы көмек көрсетіп, киімін ауыстырдық. Содан соң үйіне аман-есен жеткіздік", -дейді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ерлан Жұмагереев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1945843-atyrau-oblysynda-mal-izdeuge-syqqan-er-adam-zogalyp-ketti/

pixel