Шығыс Қазақстан облысында жабылған жолдар ашылды

Опубликовано:

Қар құрсауында
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдағы шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақавтожол" ЖШС ШҚО филиалы ақпаратына сай, 8 желтоқсан күні сағат 08:00-де республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей" тасжолының 10-198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тасжолының 15-123 шақырымында (Глубокое ауданы мен Шемонаиха ауданының арасы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына енгізілген шектеулер алынды" , - делінген ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні ауа райының құбылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар тасжолында көлік қозғалысы шектелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945860-sygys-qazaqstan-oblysynda-zabyq-zoldar-asyldy/

jitsu gif