Халық санағының қорытындысы шықты: Қазақстандықтардың саны қанша

Опубликовано:

Індет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Берік Уәлидің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945861-xalyq-sanagynyn-qorytyndysy-syqty-qazaqstandyqtardyn-sany-qansa/