Сбербанк өзінің 180 жылдығына орай өткізген республикалық байқауын қорытындылады

Опубликовано:

Сбербанк конкурс
Фото: Сбербанк

Сбербанк өзінің 180 жылдығына және Қазақстандағы жұмысының 15 жылдығына орай өткізілген «Клиенттердің оқиғалары» атты республикалық байқауын қорытындылады.

Байқауға банкпен байланысты жеке оқиғасымен бөліскен барлық клиенттер қатысты. Байқаудың аяқталуына қарай Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген өтінімдер келіп түсті.

Нәтижесінде тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторы арқылы 25 жеңімпаз анықталды. Сонымен бірге қосымша үш қатысушыға «Жанға жылулық сыйлайтын оқиға», «Шабыт беретін оқиға» және «Өнегелі оқиға» номинациялары бойынша сыйлықтар табыс етілді.

Жүлде қорында Дубайға екі адамға саяхат, Алматы қаласында тау бөктерінде орналасқан шипажайға екі адамға жолдама, MacBook Pro, белгілі кітап, фильмдер мен видео ойындар дүкеніне сертификаттар, Okko онлайн-кинотеатрының премиум-пакетіне жазылым және тағы да басқа көптеген сыйлықтардың болғанын естеріңізге саламыз.

Гаухар Супиянова
Фото: Сбербанк

Бас жүлде алматылық Гаухар Супияноваға бұйырды. Гаухар байқау туралы интернет желісіндегі жаңалықтардан білген. Үш жыл қатарынан банктің белсенді клиенті атанып келген Гаухар, еш ойланбастан, өз бағын сынап көргісі келді.

«Сбербанктің «Клиенттердің оқиғалары» байқауын өткізетіні туралы хабарламаны көрген кезде, байқауға міндетті түрде қатысамын деп шештім. Мен басымнан өткен оқиға арқылы Сбербанктің өмірді жақсы жаққа өзгертуге, кез келген мақсатқа қол жеткізуге қашан да көмектесетінін айтқым келді. Ұтысқа ие боламын деп ойламадым. Эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Бұрын байқауларда жеңіске жетіп көрмегенмін, бірден бас жүлдеге ие болғаныма сене алмадым. Келесі күні маған менеджерлер хабарласқаннан кейін, қуанышты жаңалығымды туыстарыма, әріптестеріме айттым. Менің жолым болды, Дубайға бару арманым еді, бірақ реті келмеді. Сбербанк менің арманымды орындады!», – деді Гаухар Супиянова.

Тағы бір құнды жүлдеге Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Абышев Нұрлан ие болды.

«Шынымды айтсам, ұтысқа ие боламын деп ойламадым. Әріптесім хабарласып, MacBook ұтып алғанымды айтқанда, ерекше сезімде болдым. Осы уақытқа дейін мұндай байқауларда жеңіске жетіп көрмеппін, сондықтан қатты қуандым. Сбербанкке сәттілік тілеймін, өсіп-өркендей беріңіздер!», – деді Нұрлан Абышев.

Байқау Сбербанктің мерейтойын атап өту аясында өткізілген болатын, банк Қазақстандағы жұмысы барысында классикалық банктен өзінің экожүйесі бар компанияға және қаржы нарығында көшбасшылардың біріне айналды. Сбербанк өзінің мерейтойына арнап қазақстандықтар үшін бірқатар іс-шаралар мен маңызы зор әлеуметтік жобалар ұйымдастырды.

Сбербанк байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, барлық клиенттерге артқан сенімдері мен орнатқан серіктестіктері үшін алғыс білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945868-sberbank-ozinin-180-zyldygyna-orai-otkizgen-respublikalyq-baiqauyn-qorytyndylady/