Ауғанстандық қыздар тәліптердің мектепке баруға тыйым салғанын айтты

Опубликовано:

Ауғанстан оқушылары
Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Ауғанстандық оқушылар билікті Талибан (Қазақстанда және бірнеше елде тыйым салынған ұйым) басып алғаннан бері әлі күнге дейін мектепке бара алмай жүргендерін айтты деп хабарлайды Би-би-си.

Кабулдағы мектеп мұғалімдері көптеген қыздың содырлардан қорқып сабақты тастап кеткеніне алаңдаулы.

Басқа мектептерде олардың мектепке қайтып келуіне мүлде рұқсат етілмеген.

"Оқушылар шынымен ренжіді, олар психикалық жағынан азап шегуде. Мен оларға үміт беруге тырысамын, бірақ бұл қиын, өйткені олардың бойларын қайғы мен үрей билеген", – деді Кабулдағы бір мектеп директоры.

Бұған дейін Білім министрінің орынбасары міндетін атқарушы Абдул Хаким Хемат қыздарға орта мектепке баруға ресми түрде рұқсат берілмейтінін айтқан. Соңғы шешім келесі жылы білім берудің жаңа саясаты бекітілгенде қабылданады.

Мазари-Шариф қаласында жергілікті бас мұғалім қыздардың мектепке кедергісіз бара алатынын айтты. Бірақ тағы бір студент тәліптер көшеде жүріп, олардың беттері жеткілікті түрде жабылғанын тексереді дейді. Сондықтан олардың отбасы көп қызды көшеге шығаруға қорқады.

Ауғанстанның басқа қалаларындағы оқу орындарын тәліптер оқу басталғаннан кейін бірден жабуды бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945876-auganstandyq-qyzdar-talipterdin-mektepke-baruga-tyiym-salganyn-aitty/