Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде "омикрон" табылды: Қазақстан шекараны жаба ма

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі "омикрон" штамы ел ішінде жаппай таралса, тиісті шаралар қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжіліс отырысында журналистер Алексей Цойдан Ресейде коронавирустың "омикрон" штамы табылуына байланысты көрші елмен шекара жабыла ма деп сұрады.

Министр бұл бірлі-жарым жағдай екенін жеткізді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстан көрші елде "омикрон" қаншалықты таралатынын бақылап отыр. Мониторинг жүргізуде.

"Осыған ұқсас лямбда, басқа да штамдар бүкіл әлемде белсенді таралды. Барлық дерлік елде пайда болды. Сондықтан бұл жерде штамның көршімізде анықталғанына мұқият қарау керек. Бірақ әзірге біз бақылап отырмыз, ресейлік әріптестермен байланыстамыз. Егер бұл штамм ел ішінде жаппай таралса, әрине, тиісті шаралар қабылданады",- деді денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, Ресей федерациясында коронавирустың алғаш рет "омикрон" штамы анықталды. Оны ОАР-дан келген екі азамат жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945886-reseide-omikron-tabyldy-qazaqstan-sekarany-zaba-ma/

pixel