"Аптасына 50-70 мың": Цой өз отбасының тамаққа қанша ақша жұмсайтынын айтты
Опубликовано:

Мәжіліс алаңында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "жанұяңыз азық-түлікке қанша ақша жұмсайды" деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдері министрдің отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын сұрады.
"Біз отбасымызбен азық-түлікке аптасына орташа есеппен 50-70 мың жұмсаймыз. Бұл қалыпты жағдай. Мұның бәрі қандай да бір отбасылық мереке немесе басқа жайттың болуына байланысты. Біз де адамбыз, кәдімгі дүкенге барамыз", – деді Алексей Цой.
Бұл ретте ол отбасында 5 адам бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін бұл сұраққа энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берген болатын.
"Біз айына шамамен 200 мың теңге жұмсаймыз", – деген еді ол.
Оған қоса, БАҚ өкілдері Көлгіновтен елорда әкімі айына қанша табыс табатынын және азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын сұрады.
"Менің жанұям азық-түлікке айына 250-300 мың жұмсайды. Отбасым көпбалалы", – деді әкім.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945888-aptasyna-50-70-myn-coi-otbasynyn-tamaqqa-qansa-aqsa-zumsaitynyn-aitty/