Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылда тұрғысы келмеді": Түркістан облысында 14 жастағы қыз үйінен қашып кеткен

Опубликовано:

Ауылдан қашқан қыз
Фото: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысында 14 жастағы қыз жоғалып кетіп, анасы полицияға арызданды. Әйел адам қызының үйден шығып кеткенін, содан қайтып оралмағанын айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі аймақтық ПL баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біраз уақыт әйел қызын өзі іздеп көрген, бірақ бұл нәтиже бермепті. Сондықтан ол құқық қорғау органдарына жүгінген.

Тәртіп сақшылары қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді: олар маңайдағы аумақтарды тексеріп, ықтимал куәгерлерден сұрастырған.

Нәтижесінде жоғалып кеткен 14 жастағы қыз 24 сағаттың ішінде табылды. Ол Шымкентте тұратын туысының үйінде болған. Мектеп оқушысы аман-есен ата-анасына қайтарылды.

Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, ол ауылда тұрғысы келмеген, сондықтан Шымкентке нағашы апасының үйінде тұруға кеткен.

Жеткіншектің анасы полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс жасағаны үшін алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945898-auylda-turgysy-kelmedi-turkistan-oblysynda-boizetken-uiinen-qasyp-ketken/

pixel