Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың дерегінше, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады.

Осылайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Ал еліміздің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды.

Синоптиктер бұл кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келетінін жеткізді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945901-qazaqstanda-aldagy-kunderi-35-graduqa-deiin-ayaz-bolady-dep-kutilude/

pixel