Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде
Опубликовано:
Синоптиктер елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Мамандардың дерегінше, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады.
Осылайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.
Ал еліміздің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды.
Синоптиктер бұл кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келетінін жеткізді.
11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін болады деп болжануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945901-qazaqstanda-aldagy-kunderi-35-graduqa-deiin-ayaz-bolady-dep-kutilude/