Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен Pfizer вакцинасын барлығына бірдей тегін салуға болмайды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс алаңында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Pfizer/BioNTech компаниясының Comirnaty вакцинасын неге бәріне тегін салуға болмайды деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Цой қазақстандықтардың елде бар кез келген коронавирусқа қарсы вакцинамен тегін екпе алу мүмкіндігі бар екенін еске салды.

"Біз барлық вакциналардың тиімді және қауіпсіз екенін көріп отырмыз. Міне, жеке азаматтың басқа вакцинаны ақылы түрде салдыруға құқығы бар", – деді министр.

Осы арқылы ол тұмауға қарсы ақылы вакциналардың ұқсастығына тоқталды.

"Нарықта тұмауға қарсы вакцинаны да сатып аламыз. Біз оны сатып алып, барлық азаматтарға тегін ұсынамыз. Кім бөлек алғысы келеді, ол жерде қандай да бір арнайы бренд үшін ақылы түрде слдыра алады. Pfizer не үшін қажет? Басты дәйек – адамдар шетелге шыққысы келеді. Бұл материалдық жағдайға байланысты: Еуропаға саяхаттауға мүмкіндігіңіз болса, демек вакцинаға аздаған соманы төлеуге мүмкіндік бар деген сөз", – деп түйіндеді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945904-nelikten-pfizer-vakcinasyn-barlygyna-tegin-saluga-bolmaidy/

pixel