"Сәуле Омароваға орынсыз жеке шабуылдар жасады": Байден БАҚ-қа сын айтты

Опубликовано:

Сәуле Омарова
Сәуле Омарова. Фото: nytimes.com

АҚШ президенті Джо Байден БАҚ-ты Қазақстан тумасы Сәуле Омароваға "орынсыз жеке шабуылдар жасады" деп сынады, деп жазады Mail Online.

Сәуле Омарова АҚШ қазынасының валюталық бақылау департаментінің басшысы қызметінен бас тартқаны белгілі болды.

Омарованың кандидатурасын президент Байденнің өзі қолдаған еді.

Корнелл университетінің банк құқығы кафедрасының профессоры, 54 жастағы Сәуле Омарова өзін осы қызметке әрі қарай ұсынуды орынсыз деп санаған көрінеді.

Осы ретте Байден Омарова КСРО-да туса да, "америкалық арманмен" өмір сүрді деген пікір білдірді. Сонымен бірге, АҚШ президенті Омарова "Америка халқының атынан" өз жұмысына "баға жетпес түсінік пен перспектива" әкелер еді деп мәлімдеген.

"Бірақ, өкінішке қарай, Сәуле кандидатурасы ұсынылған сәттен бастап шектен тыс орынсыз жеке шабуылдарға ұшырады", - деді АҚШ көшбасшысы.

Айта кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде Сәуле Омарова 1995 жылы маусымда ұрлық жасағаны үшін ұсталғаны хабаланған болатын.

Алайда Ақ үй Омарованы "ерекше білікті" маман деп қорғап, бұл жағдайды "түсінбеушілік және түсініксіз жағдай" деп атайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945909-saule-omarovaga-orynsyz-zeke-sabuyldar-zasady-baiden-baq-qa-syn-aitty/