Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі өз қолымызда": Алексей Цой жаңажылдық корпоративтерден бас тартуға шақырды

Опубликовано:

Аяз ата
Көрнекі фото: LAURI HEINO/AFP via Getty Images

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуы әлі тоқтамағанын айтып, қазақстандықтарды Жаңа жыл мен алдағы мерекелерді жаппай тойлаудан бас тартуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цойдың айтуынша, коронавирустың штамдары оның ішінде жаңа "омикрон" штамы әлем елдерінде белсенді түрде таралып жатыр, мәселен, бұл штамм таяуда Ресейде де анықталған.

"Біз қазір "омикрон" көршілес елде қаншалықты тарап жатқанын бақылап отырмыз. Коронавирустың басқа да штамдары әлем елдерінде белсенді түрде тарап жатыр. Сондықтан көршілерімізді де ("омикрон" штамының таралуын – ред.) бақылап отыруымыз керек. Біз мониторинг жасап отырмыз, ресейлік әріптестермен үнемі байланыстамыз. Егер ел ішінде бұл штамм жаппай таралып жатса, онда әлбетте, тиісті шаралар қабылданатын болады", - дейді министр.

ДСМ басшысының сөзінше, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Соңғы айда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге төмендеген.

"Жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны да азайды. Сонымен бірге, ауруханаларда ем қабылдап жатқан пациенттер саны да азайды. Вакцинация пайызы артты, мұның бәрі бір-бірімен тығыз байланысты", - дейді ол.

Осы орайда Алексей Цой коронавирустың таралуы әлі тоқтамағынын айтып, тұрғындарды жаңа жылдық корпоративтерден бас тартуға шақырды.

"Мереке күндеріне қатысты үлкен қорқыныш бар. Бұл ретте өзімізді қолға алып, корпоративтерге, үлкен іс-шараларға бармағанымыз абзал. Өйткені мұндай орындарда вакцина салдырғаныңызға қарамастан, ауру жұқтыру қаупі жоғары.

Қоғамдық тамақтану орындары инфекция жұқтырудың негізгі ошағы болып саналады. Себебі мұнда адамдар бетперделерін шешіп, бір-бірімен ұзақ уақыт өткізеді, әлеуметтік арақашықтық сақталмайды.

Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл сынды мерекелер бар. Бұл сақ болуды талап ететін кезең және көп нәрсе азаматтарға байланысты. Егер коронавирус қайта өршісе, қайтадан қандай да бір қосымша шектеу шараларын енгізуімізге тура келеді. Мұның алдын алуға болады, бәрі өз қолымызда", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945914-bari-oz-qolymyzda-aleksei-coi-zana-zyldyq-korporativterden-bas-tartuga-saqyrdy/

pixel