"Төрт күн ауруханада жаттым": Сағынтаев сырқаттанып қалғанын айтты

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифингте сырқаттанып, төрт күн бойы ауруханада жатқанын айтты. Журналистер сауалына жауап берген шенеунік қазір өзін жақсы сезінетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өзімді жақсы сезінемін. Ангинамен ауырдым, екі күн дене қызуым көтерілді. Қазір тамағым қарлығып тұр. Әлі де ангинаның салдары бар секілді. Бастапқыда мен үйде кешке дейін жаттым, кешкісін дене қызуым қатты көтерілген соң жедел жәрдем шақырып, ауруханаға бардым", - дейді Сағынтаев.

Алматы әкімі қаладағы орталық клиникалық ауруханада төрт күн емделген.

"Олар (дәрігерлер - ред.) мені аяққа тұрғызды, міне бүгін сіздердің алдарыңызда сөйлеп отырмын", - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетсек, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев коронавирусқа қарсы вакцинаны үшінші мәрте салдырғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945932-tort-kun-auruxanada-zattym-almaty-akimi-syrqattanyp-qalganyn-aitty/