Шымкентте жігіт сүйіктісінің атынан несиеге төрт телефон алып, қашып кеткен

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте жігіт төрт телефонды сүйіктісінің атынан несиеге рәсімдеп, қашып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz

Құзырл органның мәліметінше, Шымкент қаласының Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленуші қыздың айтуынша, жігіті сеніміне кіріп, оның атынан "Samsung-А32" маркалы төрт ұялы телефонды несиеге рәсімдеп алған.

Арада уақыт өте сүйіктісі ұялы телефонына жауап бермей, несие төлемін жасамай, бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрайды.

Полицейлер азаматтың жеке басын анықтады. Екі күн бойы жүргізілген қажетті іс-шаралар барысында ол қала аумағында ұсталған.

Тергеу барысында ұсталған жігіт ұялы телефондарды өзінің бас пайдасы үшін сатып жібергені анықталған.

Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945958-symkentte-zigit-suiiktisinin-atynan-nesiege-tort-telefon-alyp-qasyp-ketken/