Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гонконг ғалымдары алғаш рет "омикрон" штамының суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Зерттеуші ғалым
Көрнекі фото: pixabay.com

Гонконг университетінің ғалымдары алғаш рет "омикрон" штамының суретін жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Фото электронды микроскоптың көмегімен жасалған.

Ғалымдар "омикрон" штамын жұқтырған маймылдың бүйрек жасушасын (Vero E6) суретке түсірген.

Олардың айтуынша, құрылғыны аз мөлшерде ұлғайтқан кезде фотодан кішкентай қара түсті вирус бөлшектері бар зақымданған жасушаларды көруге болады.

Ғалымдар "омикрон" штамын фотоға түсіріп қана қоймай, оны клиникалық үлгілерден бөліп алған. Бұл болашақта жаңа штамға қарсы вакцина жасауда септігін тигізбек.

Еске салайық, бұған дейін британиялық дәрігер "омикрон" штамын жұқтырған балаларда ерекше симптом байқалатынын айтқан болатын.

Ол жаңа штамды жұқтырған балалардың 15 пайызына дейін әдеттен тыс симптом – бөртпе пайда болады, дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945964-gonkong-galymdary-algas-ret-omikron-stamynyn-suretin-zariyalady-foto/

pixel