Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов бауырымен бірге әкесіне тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Елдос
Видеодан кадр: Instagram/yeldos60kg

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметов ағасымен бірігіп әкесіне тосынсый жасады. Спортшы ата-анасын шетелге демалысқа жіберіп, ол жақтан келген соң әкесіне темір тұлпар сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елдос Сметов тосынсыйын ата-анасына табыстау кезінде түсірілген видео желіде тарап кетеді деп ойламаған.

"Ата-анамызға перзенттері атынан тосынсый жасаған болатынбыз. Отбасылық естелік ретінде дайындалған шағын видеомыз тарап кетті", - дейді спортшы Instagram-дағы жазбасында.

Елдос ата-анасын алғаш рет шетелге демалысқа жібергенін де жасырмады.

"Біз мына жалғанда ата-анамыздың алдындағы парызымызды ешқашан толық өтей алмайтын шығармыз. Шыр етіп дүниеге келгеннен бізді тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай мәпелеп, қызды қияға, ұлды ұяға қондырады. Ал біз өз кезегімізде олардың үмітін ақтап, қуанту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Осы уақытқа дейін өзім қанша шетел ассам да, ата-анамның табаны бірінші рет шетел топырағына тиіп отыр. Олардың риясыз, шын көңілден қуанғаны бізді жігерлендіреді, қуаттандырады. Міне, осылайша, әке-шешемізді тағы қуанту үшін кезекті тосынсыйды жасауға бел буған едік", - дейді дзюдошы.

Спортшының әкесі көлікті көргенде көзіне жас алып, перзенттеріне ризашылығын білдірген.

"Ішім сезіп жүр еді, бірақ бұлай тез болады деп ойламаппын. Рахмет, жолдарың ақ болсын", - дейді ұлдары мен келіндеріне батасын берген спортшының әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945967-eldos-smetov-bauyrymen-birge-akesine-tosynsyi-zasap-eldi-suisintti-video/

pixel