Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Омикрон" штамы әлемнің 57 елінде анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазіргі уақытта коронавирустың "омикрон" штамы әлемнің 57 елінде анықталып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Алайда, дүниежүзі бойынша "дельта" штамы басым болып тұр.

"Қазіргі уақытта "омикрон" штамы 57 елде анықталды. Әзірге анықталған жайттардың көпшілігі саяхатпен байланысты, бірақ бұл өзгеруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, коронавирустың жаңа"омикрон" штамы Ресейде де анықталды.

Одан бөлек, Гонконг ғалымдары алғаш рет "омикрон" штамының суретін жариялады. Фото электронды микроскоптың көмегімен жасалған.

Ғалымдар "омикрон" штамын жұқтырған маймылдың бүйрек жасушасын (Vero E6) суретке түсірген.

Олардың айтуынша, құрылғыны аз мөлшерде ұлғайтқан кезде фотодан кішкентай қара түсті вирус бөлшектері бар зақымданған жасушаларды көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945973-koronavirus-omikron-stamy-alemnin-57-elinde-anyqtaldy/

pixel