Қызылордада «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты облыстық байқау өтті

Опубликовано:

Байқау
Фото: gov.kz

Қызылордада Достық үйінің мәжіліс залында «Мың бала» республикалық мәдени ағартушылық жобасы аясында этнос оқушыларының қатысуымен «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты облыстық байқау болып өтті.

Алғашқы ашылу сөзді Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева сөйледі.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің жетекші сарапшысы Бауыржан Үсенбаев, Облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқыту» орталығының аға оқытушысы Асел Махамбет, Неміс ЭМБ мүшесі Светлана Крюгер төрелік жасады.

Бес кезеңнен тұрған тартысты додада Kahoot қосымшасын пайдалану арқылы сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдерден қатысушылардың білімдері анықталды. Сондай-ақ, шара танымал қазақ зиялыларын білулеріне байланысты «Тұлғаны тани біл» кезеңі, тірек сөздер арқылы мәтін құрау және логикалық сұрақтарға жауап беру сайыстарынан тұрды.

Шара қортындысына сәйкес бірінші орынды Сырдария ауданы, №36 мектеп оқушысы – Юлия Кочерещенко, екінші орынды Қызылорда Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицей оқушысы – Ситора Сакыпжанкызы, үшінші орынды Жалағаш ауданы №31 мектеп оқушысы – Людмила Цой алды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945980-qyzylordada-til-martebesi-el-mereii-atty-oblystyq-baiqau-otti/