Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы қаржы директоры "Кселл" АҚ-дан 450 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Kcell Solutions" ЖШС бұрынғы қаржы директоры жалған қаржылық құжаттарды жасап, өзіне заңсыз түрде аванс жазып алу арқылы "Кселл" АҚ-дан 450 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша аймақтық департаменті "Kcell Solutions" ЖШС бұрынғы қаржы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Ол жалған қаржылық құжаттарды жасау және өз атына заңсыз аванс жазу арқылы "Кселл" АҚ-тан жалпы сомасы 450 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ведомствоның мәліметінше, бұрынғы қаржы директоры заңсыз әрекетін 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жүзеге асырған. Яғни осы аралықта 5 компанияның есеп шотына аудару арқылы 258 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде.

Агенттіктің дерегінше, экс-қаржы директоры олармен қызмет көрсетуге алдын ала келісімшарттар жасасқан.

Одан бөлек, ол өзіне аванс ретінде 192 млн теңгені заңсыз аударып алды деген күдікке ілініп отыр.

Тергеу барысында күдіктінің жымқырған қаражатты букмекерлік кеңселерге салып, ұтылғаны анықталған.

Қазіргі уақытта бұрынғы қаржы директоры қамауда отыр. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945985-zss-buryngy-qarzy-direktory-ksell-aq-nan-450-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel