Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан әкімдігі бөлімінің экс-басшысы мен ЖШС директоры 8 жылға сотталды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

"Санкт-Астана" ЖШС директоры Азиз Атаханов пен Түркістан әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы басшысы Қаныш Өркінбаев бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және ысырап ету бабы бойынша кінәлі деп танылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан қалалық сотының үкіміне сілтеме жасап.

32 жастағы кәсіпкер мен 51 жастағы экс-шенеунік Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сот алдында жауап берді.

Үкімде "Санкт-Астана" ЖШС 2017 жылы Түркістан қаласындағы тас жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін 760 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік тапсырыс алғаны айтылған.

Компания жұмысты 2018 жылы жазда аяқтауы тиіс болған. Алайда мердігер жөндеу жұмыстарын бітірместен бюджеттен төлемақыны толық алған.

Тергеу барысында алынған қаражаттың 220 миллион теңгеден астамын компания директоры мен экс-шенеунік иеленіп, өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

Сотталушылар кінәсін мойындамаған. Кәсіпкер барлық міндеттемені толық орындағанын, бірақ бәсекелестерінің құрбаны болғанын мәлімдеген.

Түркістан қалалық соты Азиз Атаханов пен Қаныш Өркінбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945991-turkistan-akimdigi-boliminin-eks-bassysy-8-zylga-sottaldy/

pixel