Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мектеп оқушыларына Елбасының жүріп өткен жолы бойынша экскурсия ұйымдастырылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Алматы облысы аумағында мектеп оқушыларына 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара Алматы облысының туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген. 11 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Түркістан және Атырау облысынан арнайы келген оқушылар Алматы облысы аумағында орналасқан тарихи-мәдени туристік нысандарда болып қайтқан.

Айта кетейік, «Елбасы жолы» маршруты бойынша экскурсиялық турға 7,8,9 - сынып оқушыларынан жалпы 75 бала қатысқан.

Фото
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

«Мұндағы мақсатымыз – елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған экскурсиялық қызмет пен туризмді дамыту. Балаларды мәдение мұралармен таныстырып, өскелең ұрпақ бойында азаматтық рух пен ұлтжандылық сезімін ояту», - дейді облыстық туризм басқармасы.

Оқушылар алдын ала бекітілген жоспар бойынша Елбасының туып-өскен өлкесіне аяқ басты. Балалар тұңғыш президент оқыған мектеппен танысты. Бұдан бөлек, Қарасай ауданындағы тарихи-мәдени ошақтарда қонақ болды.

Фото
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Атап айтқанда, облысқа алғаш қадам басып тұрған балаларға Шамалғанда орналасқан "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы, Қаскелең қаласындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, "Батыр бабаларға тағзым" мемориалды кешені мен "Анаға құрмет" мұражай-кешені таныстырылды.

Фото
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Фото
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945995-almaty-oblysynda-mektep-oqusylaryna-elbasynyn-zurip-otken-zoly-boiynsa-ekskursiya-uiymdastyryldy/

pixel