Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлықтың 5 млн теңгесін иемденіп кеткен ресейлік ұсталды

Опубликовано:

Ақша алу
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Павлодар тұрғынының5 млн теңгесін иемденіп кеткен ресейлік Домодедово әуежайында ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Мәскеу облысының жедел қызметкерлері алаяқтық іске күдікті мемлекетаралық іздеуде жүрген адамды Домодедово әуежайында ұстады. –

"Бұл оқиға алаяққа қомақты соманы бере салып, зардап шеккен әйелге қатысты" , – деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, 2020 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясы Омбы қаласының 60 жастағы тұрғыны Павлодар қаласына келіп, әйелмен танысқан. Оның сеніміне кіріп, бизнесті бірге құрамыз деген сылтаумен 5 млн теңге ақшасын алған.

9 ай бойы бос уәделерден шаршаған әйел павлодарлық тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Жедел уәкілдермен дереу бағдарлар жасалып, барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандар мен елдерге жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945999-pavlodarlyqtyn-5-mln-tengesin-iemdenip-ketken-reseilik-ustaldy/

pixel