Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелге баруды тоқтата тұру керек": Елорданың бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Жолаушылар әуежайда отыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова бүкіл әлемде алаңдаушылық тудырып отырған жаңа штамның қаншалықты қауіпті екенін айтты. Ол брифинг барысында қалада "омикрон" штамының таралуына жол бермеу бойынша қандай шаралар қабылданғанын жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сархат Бейсенованың айтуынша, "омикрон" 32 мутацияға ие және штамы "дельтаға" қарағанда жұқпалы. Ол қала тұрғындарын барынша сақтанып, шетелге шығуды тоқтата тұруға шақырды.

"Омикрон" тудырған коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күн мерзімге үй карантині түрінде оқшаулануға жатады. Нұр-Сұлтанда бүгінгі таңда "омикрон" коронавирустық инфекция штамы нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден 227 адам үй карантинінде жатыр. Олардың тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылау жүргізілуде. Барлық 227 адамның ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетті. Жаңа штамм бұрынғыға қарағанда жұқпалы болып келеді. Мен сіздерді шетелге ұшудан бас тартуға және осы зиянды вирусқа сақтықпен қарауға шақырамын", - деп түсіндірді Сархат Бейсенова.

Ол сонымен қатар қауіпті вируспен күресте вакцинацияның маңыздылығы мен тиімділігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946003-setelge-barudy-toqtata-turu-kerek-elordanyn-bas-sanitarlyq-darigeri-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel