Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ойын ойнатқан: Балқаштық полицейлер 62 жастағы алаяқ әйелді ұстады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Балқаштық полицейлер 62 жастағы алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне Түркістан және Ақтөбе қаласының екі тұрғыны арызбен жүгінген. Жәбірленушілер Балқаш қаласының белгілі бір тұрғыны алаяқтық жасап, ақшаларын алып қойғаны туралы хабарлаған.

Балқаштық тұрғын әлеуметтік желіде ақшаны екі есеге көбейтіп беремін деген желеумен маркетинг ұйымдастырып, ойын ойнатқан. Алаяқтың әрекетіне сенген жәбірленушілер бірі 10 500 теңге және екіншісі 21 мың теңге аударған.

Жедел іздестіруге кіріскен криминалдық полиция қызметкерлері 62 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190- бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің тағы да осындай екі алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеді. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946009-oiyn-oinatqan-balqastyq-policeiler-62-zastagy-alayaq-aieldi-ustady/

pixel