Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл әйелдері күні: Павлодар облысында байқаудан соң төбелескен келіншек сот алдына келді

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысында байқаудан соң төбелес шығарған әйел сот алдында жауап берді. Өңірде сайысқа қатысқан әйелдер арасындағы дау бір тонна көмір мен грамота үшін туындаған болатын, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Айта кетейік, Успен ауданы ауылдарының біріндегі мәдениет үйінде "Ауыл әйелдері күні" байқауы өтті. Алайда қазылар алқасының таңдауы қатысушылардың барлығына бірдей ұнай қоймады. Мәдениет саласындағы қызметкерлердің бірі мәдениет үйінде мерекелік дастархан жайып, спирттік ішімдік ішкеннен кейін   жеңімпазбен өзара мәселені шешпек болған. Ол құрбысының үйінен қарсыласын тауып алып, айқай шығарып, балаларды қорқытқан. 

Мұнымен шектелмей қарсыласы мен үй иесін ұрған. Олардың екеуі де полицияға арыз жазды.

Аудандық сот төбелес шығарған әйелді "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 30 628 теңге айыппұл салынды.

"Сот кабинетінде"» көрсетілгендей, бұл істі қарау кезінде жауапкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындады және өкінді.

"Төбелес шығарған әйелге жұмыста  сөгіс жарияланып,  Еңбек кодексінің 64-бабы, 1-тармағы негізінде тәртіптік жаза қолданылды", - деп толықтырды аудан әкімдігі.

Енді әйелдің мінез-құлқы әйелдер құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияда қаралатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946011-auyl-aielderi-kuni-pavlodar-oblysynda-baiqaudan-son-tobelesken-aiel-sot-aldyna-keldi/

pixel