Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның бір өңірі қайтадан "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

бетперде111
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Ақмола облысы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол ермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

9 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Ақмола облысы;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 683 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 977 714-ке жетіп отыр.

Сонымен бірге, 1044 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір елімізде 22 353 адам COVID-19 инфекциясынан емделуде, оның ішінде 4 404 пациент стационарда, 17 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

349 адамның жағдайы ауыр, 85 пациенттің жағдайы өте ауыр бағалануда, 60 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946036-koronavirus-elimizdin-bir-aimagy-qaitadan-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel