XXII ғасырда жойылып кетуі мүмкін елдер аталды

Опубликовано:

Жер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Болгария журналисі Румяна Генадиева алдағы жүз жылдықта жойылып кету қаупі бар мемлекеттерді атады. Бұл зерттеу "Труд" басылымында жарияланды.

Шолушының ойынша, АҚШ-қа мәдени және саяси қайшылықтарға байланысты ХХІІ ғасырға дейін ыдырау қатері төніп тұр.

Генадиева егер қандай да бір маңызды оқиға ел тұрғындарын біріктірмесе, Американың мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтататынын сеніммен айтады.

Осы ретте, автор 2012 жылы 50 штаттың бәрі мыңдаған америкалықтан одақтағы мүшеліктен шығу туралы өтініш хат алғанын атап өтті.

Журналистің пікірінше, жойылып кетуі мүмкін елдер қатарында Ұлыбританияда бар. Себебі Лонданның Еуро одақ құрамынан бөлініп шығуын бәрі бірдей қолдай қоймаған.

Генадиева Шотландия Біріккен корольдік құрамынан 20 жылдың ішінде бөлініп шығуы мүмкін екенін жазады.

Мақалада Бельгия - фламандар мен валлондар арасында этникалық араздық бар тағы бір батыс елі екені айтылған.

Осыған байланысты Генадиева алдағы 20 жылда валлондар тәуелсіздік алуы немесе Франциямен одақ құруы мүмкін деп болжам жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946039-xxii-gasyrda-zer-betinen-zoiylyp-ketui-mumkin-elder-ataldy/