Сыр өнерпаздары жақұт жырдың жалауын желбіретіп жүр

Опубликовано:

Конференция
Фото: gov.kz

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында өңірде 1 республикалық, 1 аймақтық, 15 облыстық конкурс-фестиваль ұйымдастырылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

«Осы байқаулардың нәтижесінде жыр әлеміне жаңа есімдер шығып, жас жыршыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Жақында Қостанай қаласында ел nәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ республикалық байқауында жерлісіміз Малика Алдамжарова бас жүлдені, ал Ақтөбе қаласында өткен даңғайыр жырау Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының 160 жылдығына арналған аймақтық жыраулар байқауында Жақсан Жәнібек ІІІ орынды иеленді. Сыр өнерпаздары әр уақытта өнер биігінен көрініп, Сыр мәдениеті мен ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, өнер көшін әлі де жалғастыратынына сенімдіміз», - деді басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы.

Келер жылы Сыр шайырлары Базар жырау Ондасынұлының 180 жылдығына, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына орай республикалық деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып, "Қорқыт және Ұлы дала сазы" атты халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946065-syr-onerpazdary-zaqut-zyrdyn-zalauyn-zelbiretip-zur/