Әлихан Смайылов жеткіліктілік шегін көтеру туралы: Менің ойымша, бұл дұрыс әдіснама

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Әлихан Смайылов үкімет отырысында зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінінің көтерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Смайыловтың сөзінше, бұл мәселеге премьер-министрдің басқа орынбасары жауапты.

"Бірақ мұндағы жағдай... Ешкім арнайы шешім қабылдаған жоқ. Ол осы жылдың басында қабылданған ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдіснамасында болды. Ал ол жерде ең төменгі жеткіліктілік шегі ең төменгі жалақымен байланысты екені көрсетілген.

Өздеріңіз білетіндей, ең төменгі жалақы өсті, бұл дұрыс. Нәтижесінде жеткіліктілік шегі де артты. Ең төменгі жалақы шамамен 41 пайызға өсті, бұл жеткіліктілік шегінің артуына әкелді", – деп түсіндірді ол.

Смайыловтың айтуынша, жеткіліктілік шегінің ұлғаюы "кейбір сомалар қолжетімді болмайды" дегенді білдіреді.

"Бұл әдіснама жыл басында бекітілген, менің ойымша, бұл дұрыс әдіснама", – дейді премьер-министрдің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946073-alixan-smaiylov-zetkiliktilik-segin-koteru-turaly-menin-oiymsa-bul-durys-adisnama/