Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ревакцинация мерзімінің қысқаруы тұрғындардың "жасыл" мәртебесіне қалай әсер етеді

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан тұрғындарын коронавирусқа қарсы ревакцинациялау мерзімі тоғыз айдан алты айға қысқарғаны белгілі. Осы орайда, "ревакцинация жасатқан соң Ashyq мобильді қосымшасындағы "жасыл" мәртебе алты айдан кейін де сақтала ма?" деген көптің көкейіндегі сауалға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетсек, коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған қазақстандықтарға "жасыл" мәртебе бір жылға берілген еді.

Осы ретте, NUR.KZ тілшісі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ревакцинация туралы жаңа қаулыдан соң, "жасыл" мәртебе алты айдан кейін де сақтала ма?" деген сауал жолдады.

Себебі, жаңа қаулыда коронавирусқа қарсы ревакцинация алғашқы вакцинация курсы толық аяқталған соң 6 айдан кейін бір рет жүргізілетіні айтылған.

Ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаевтың мәліметінше, вакцина салдырғандардың "жасыл" мәртебесі бір жыл сақталады.

Ал ревакцинациядан өткеннен кейін "жасыл" мәртебенің мерзімін әрі қарай ұзарту алгоритмі әзірге жасалып жатыр.

Еске сала кетсек, халықты коронавирусқа қарсы ревакцинациялау ережелеріне өзгерістер енгізілген еді.

Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында үш және одан да көп уақыттан бері тұрып жатқан шетелдіктерді қоса алғанда, коронавирусқа қарсы екпенің екі компонентін салдырған адамдардың бәрі ревакцинация жасатуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946094-revakcinaciya-merzimi-qysqargan-son-qazaqstandyqtardyn-zasyl-martebesi-ozgere-me/

pixel