Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ревакцинация мерзімі неліктен қысқарды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында Қазақстанда тұрғындарды коронавирусқа қарсы ревакцинациялау мерзімі неліктен қысқарғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цой мұндай шешімге министрлік халықаралық тәжірбиені зерттегеннен кейін келгенін айтты.

"Біздің ғалымдар халықаралық тәжірибені зерттеді. Әлемде жарты жылдан кейін ревакцинация жасату ұсынылатынын көріп отырмыз. Сондықтан мерзімді ауыстырып, 9 айдан 6 айға дейін қысқарттық (ревакцинация - ред.)", - дейді ол.

Министр коронавирустың жаңа штамдарына ағза барынша қарсы тұра алуы үшін иммунитетті нығайту қажет деп санайды.

Осы орайда ДСМ басшысы 8 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар қалаған емханаға барып, COVID-19-ға қарсы қайта вакцина салдыра алатынын да айта кетті.

Еске сала кетсек, халықты коронавирусқа қарсы ревакцинациялау ережелеріне өзгерістер енгізілген еді.

Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында үш және одан да көп уақыттан бері тұрып жатқан шетелдіктерді қоса алғанда, коронавирусқа қарсы екпенің екі компонентін салдырған адамдардың бәрі ревакцинация жасатуы тиіс.

Ревакцинация алғашқы вакцинация курсы толық аяқталған соң 6 айдан кейін бір рет жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946098-qazaqstanda-revakcinaciya-merzimi-nelikten-qysqardy/

pixel