"Олардың туыстары Нью-Йоркте дейді": Ардан мен Сұлтанбековті іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Опубликовано:

Астана Лрт
Фото: inbusiness.kz

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысынан Астана LRT ісі бойынша басты күдіктілер Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековті іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистердің сөзінше, депутаттар Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде екеніне күмән келтіріп отыр.

Олардың пікірінше, күдіктілер Интерполдың іздестіру тізімінде болмауы мүмкін, өйткені туыстары "Нью-Йоркте тып-тыныш өмір сүріп жатыр".

БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтан депуттардың күдігі қаншалықты орынды екенін сұрады.

Ахметжановтың айтуынша, күдіктілер халықаралық іздеуде.

"Интерполда тиісті мәліметтер бар. Өкінішке қарай, біз ұстау және экстрадициялау рәсімін GRECO (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы- ред.) құрамына енетін елдердің барлығымен жасай алмаймыз.

Ұстау және тергеуге келсек, келісім арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Мен ресми түрде олардың халықаралық іздеуде екенін айта аламын. Интерпол тізімінде бар", - дейді ол.

Айта кетейік, осы жылы Астана LRT ісі бойынша бірнеше мердігер бас бостандығынан айырылған еді. Олардың адвокаттары әзірге істегі басты фигуранттар бостандықта жүргенін, ал олардың қорғауындағы азаматтар заңсыз сотталғанын алға тартқан болатын.

Ал қазан айында Нұр-Сұлтан соты барлық тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкімнің күшін жойып, істі прокуратураға қайтарды.

Кейіннен сот шешімді түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946127-olardyn-tuystary-nyu-iorkte-deidi-ardan-men-sultanbekovti-izdeu-zumystary-qalai-zurip-zatyr/