Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қанша жалақы алады

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әкімінен жалақысының мөлшері мен азық-түлікке жұмсалатын шығыны туралы сұрады. Әкім жалақысы басқа әкімдердің жалақысымен сәйкес келетінін, ал отбасындағы азық-түлік әйелінің құзыретінде екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

л"Әріптестерімнің барлығы да мен сияқты жалақы алады, бұл үкімет қаулысымен бекітілген. Менің жалақымның қанша екенін жақсы білесіздер деп ойлаймын. Жұмыс жүктемесіне сәйкес келе ме дегенге келсек, аумақтық әкім болса, жұмыс жүктемесі де өте жоғары деп ойлаймын. Жауапкершіліктің жоғары дәрежесі.

Азық-түлікке келетін болсақ, мен мемлекеттік қызметкермін, іс жүзінде бұған уақыт жоқ деп айтқым келеді. Әйелім екеуміз үйдегі құзіретті бөлістік, ол тұрмыстық мәселелердің барлығын өз мойнына алған, сол үшін де оған ризамын, күні-түні осымен айналысады. Мемлекеттік жұмыстан үй шаруасына алаңдауыма жол бермейді", – дейді Шымкент қаласының басшысы Мұрат Айтенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946138-symkent-akimi-murat-aitenov-qansa-zalaqy-alady/