Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Ахметжанов қанша жалақы алатынын ашып айтты

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ай сайынғы жалақысын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер агенттік басшысының айлығы қанша екенін сұрады.

"Жасыратын ештеңе жоқ, мен оны осы қызметке келген кезде айтқанмын. Бүгінгі таңда менің жалақым –  1 миллион 200 мың теңге", - деді Марат Ахметжанов.

Еске салсақ, бұған дейін бірқатар қазақстандық шенеунік ай сайынғы жалақысын атаған болатын.

Олардың қатарында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946139-marat-axmetzanov-qansa-zalaqy-alatynyn-asyp-aitty/

pixel