Қазақстанның бір өңірінде сауда орталықтарына "жасыл" мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

Опубликовано:

Маска таққан әйел
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

10 желтоқсанда Атырау облысында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді. Енді Ashyq-та "жасыл" мәртебесі барлар ғана сауда орталықтарына жұмыс күндері кіре алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін", – делінген Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланған құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946154-qazaqstannyn-bir-onirinde-sauda-ortalyqtaryna-zasyl-martebesi-bar-turgyndar-gana-kire-alady/