Ұлы үшін өш алмақ болған: қостанайлық әйел ер адамды пышақтады

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысында әйел ер адамға пышақпен шабуылдаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қостанай облысында әйел ер адамға пышақпен шабуылдаған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Железнодорожное ауылының 30 жастағы тұрғыны жарақат алды.

Қарасу ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу барысында 46 жастағы әйел мас күйінде ер адамға пышақ жарақатын келтіргені анықталды. Мәлім болғандай, бұған дейін ер адам оның ұлын ұрып-соққан.

Зардап шеккен ер адам Әулиекөл аудандық аураханасына жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946213-uly-usin-os-almaq-bolgan-qostanailyq-aiel-er-adamdy-pysaqtady/