Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады КAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 желтоқсанда Ақтөбе облысында күндіз облыстың батыстан, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с сақтылады.

Түнде және таңертең 10 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз 10 желтоқсанда Алакөл көлдерінің ауданында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 18-23 м/с, 11-12 желтоқсанда облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан 20-25, екпіні 29 м/с және оданда жоғары.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қаласында 10 желтоқсан күндіз көктайғақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946218-burqasyn-tuman-koktaigaq-sinoptikter-birnese-onirde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel