Top.Mail.Ru

Зектілері

Қарағандыдағы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді

Жарияланған күні:

аудан атауы
Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыдағы Октябрь ауданы бұдан былай "Алаш" партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталатын болды. Бұл туралы Қазақ радиосы хабарлады.

Бүгін Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясында Октябрь ауданының атауын өзгертуге байланысты мәселе көтерілді.

Отырысқа облыс басшысы Жеңіс Қасымбек қатысты. Депутаттар мен әкімдіктің бірлескен шешімімен аудан атауы ауыстырылды.

"Сессияда Октябрь ауданынының атауын өзгерту туралы әкімдік пен мәслихаттың алдын ала бірлесіп дайындаған қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы деп аталатын болады. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасы.

Журналист Дулат Абибуллаев желідегі парақшасында көптен бері талқыда жүрген аудан атауынының өзгеруі туралы жаңалықты жеткізіп, елден сүйінші сұрады. Ол ауданның жаңа атауын Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде ашуды ұсынып отыр.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен бұл мәселе шешімін тапты. Әлихан Бөкейхан ауданын алдағы апта Тәуелсіздік тойына тарту жасап, дүркіретіп ашуды ұсынамын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946220-qaragandydagy-oktyabr-audanyna-alixan-bokeixanovtyn-esimi-berildi/