Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында екі жасты қағып кетті: Бойжеткен көз жұмды

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орнынан фото: Zakon.kz

Алматыда Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысында адам өлімі тіркелген жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Skoda Superb жүргізушісі үлкен жылдамдықпен жол қиылысынан өтіп бара жатқан жастарды қаққан.

Қыздың 50 метрдей жерге ұшып түскені айтылды. Салдарынан ол жедел жердем қызметі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырған.

Жүргізуші жол апаты тіркелгеніне қарамастан, тоқтамай, Сайын көшесіне барып көлігін алеяға қалдырыпты. Осыдан кейін ол оқиға орнына жаяу келіп, кінәсін мойындаған.

Оқиға орнында арнайы мамандар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

Жігіттің өте ауыр жағдайда ауруханаға түскені хабарланды.

Тәртіп сақшысы
Оқиға орнынан фото: Zakon.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946247-almatyda-zayau-zurginsiler-zolagynda-eki-zasty-qagyp-ketti-boizetken-koz-zumdy/

pixel