Қазақстанның бір өңірі "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

10 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 648 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946262-qazaqstannyn-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-syqty/