Арыста Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті пайда болды (фото)

Опубликовано:

Қонаев
Фото: Instagram/Арыс қаласының әкімдігі

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Арыс қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткіші екі метрлік гранит тұғырдың үстіне қойылған.

Бюсті ашу шарасына Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов пен Дінмұхаммед Қонаевтың інісі Дияр Қонаев қатысқан.

Дінмұхаммед Қонаевтың бюстін Арыс қаласының тумасы, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартқаны белгілі болды.

Қонаев
Фото: Instagram/ arys_kalasy_akimdigi

Республика бойынша Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш-бюст бірнеше облыс, қала орталықтарына қойылған.

Еске сала кетсек, былтыр Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында жаңадан қойылған Дінмұхамед Ахметұлының ескерткіші желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.

Олар мүсіннің пропорциясы сақталмағанын байқаған.

Кейін облыс әкімдігі анықтағандай, ескерткіш рұқсат құжаттарынсыз қойыла бастаған. Енді авторлар жобаны комиссия алдында қайта қорғауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946308-arysta-dinmuxammed-qonaevtyn-byusti-paida-boldy/

jitsu gif