Алдағы демалыс күндері елімізде 25 градус аяз болады

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабалайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыстан келген антициклон әсер етіп, Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында аяз болады.

Ол алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Бұл аймақтарда түнгі уақытта сынап бағанасы -15-25 градусқа дейін төмендейді.

Тек оңтүстік аймақтарда күн жылы болады. Бұл өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, мол жауын-шашын түсіп, тайғақ күтіледі. Дегенмен ауа температурасы өте қолайлы болады деп болжанып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 10 желтоқсанда бірқатар өңірге дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946314-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-25-gradus-ayaz-bolady/