Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктен 15 млн доллар ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейде ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"РБК Банк" ісі бойынша іздеуде жүрген күдікті Ресейде қолға түсті. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі Telegram каналында хабарлады.

"Мәскеу облысында агенттіктің Алматы қаласы бойынша аймақтық департаменті іздеу салған В. Власов ұсталды. Оған қатысты "РБК Банк" АҚ-тан 15 миллион АҚШ доллары көлеміндегі несие қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде", - делінген хабарламада.

2018 жылдан бастап ер адам халықаралық іздеуде болды. Қазіргі уақытта ол Мәскеу облысында қамауда отыр.

Күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946317-bankten-15-mln-dollar-urlady-degen-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-reseide-ustaldy/

pixel