Түркістан облысында әйел 2 жасар ұлын көшеде жоғалтып алды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Сарыағаш қаласының тұрғыны көшеде 2 жасар баласынан көз жазып, жоғалтып алған. Полицейлер жоғалған баланы табуға көмектесті деп хабарлайды Polisia.kz.

Анасы Сарыағаш аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жүгінген. Әйел баласын ауылдың бір көшесіндегі автовокзал маңында жоғалтып алғанын түсіндірді. Ол баланы өз бетімен іздеп көрген, бірақ мұнысы еш нәтиже бермепті.

Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері бірден жоғалған баланы іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелерді мұқият аралап, оқиға куәгерлері мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып, қауіпсіздік камераларын да тексерді.

Жоғалған бала екі сағаттың ішінде табылды. Бала қиылыстардың біріндегі үйден екі шақырым жерде болған.

Бала анасына қайтарылды.

Әйел жоғалған баланы табуға көмектескен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946319-turkistan-oblysynda-aiel-2-zasar-ulyn-kosede-zogaltyp-aldy/