Елімізде мереке күндері қосымша үш жолаушылар пойызы жүреді

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: Stopfake.kz

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы алдағы желтоқсан мерекелері - Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • №202/201 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Шымкент" пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 02 және 07 қаңтарда, кері Шымкент станциясынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 03 және 08 қаңтарда жөнелтіледі. 
  • №204/203 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-1" пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 03 және 08 қаңтарда, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 04 және 09 қаңтарда жөнелтіледі.
  • №206/205 "Ақтөбе-Қызылорда" пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсан, кері Қызылорда станциясынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсан жөнелтіледі.

 Бұдан басқа, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылмақ.

"Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы  жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн ресімдеуді сұрайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалану қажет.Карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол жүргенде және еліміз вокзалдарында бетперде режимін сақтауды сұраймыз" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946320-elimizde-mereke-kunderi-qosymsa-us-zolausylar-poiyzy-zuredi/