Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік депутат 15 жасар оқушыны қағып өлтірген көлікті өз баласы тізгіндегенін растады

Опубликовано:

Бөріхан Беркімбаев
Фото: mrik.kz

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бөріхан Беркімбаев 15 жастағы оқушыны қағып өлтірген Toyota Land Cruiser Prado көлігін ұлының тізгіндегенін растады. Ол ұлын ақтамайтынын, заң бойынша жазаланатынын мәлімдеді. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған деп хабарлайды "Диапазон".

Әлеуметтік желілерде жол талғамайтын көлікті депутаттың ұлы жүргізгені туралы ақпарат пайда болды. Бөріхан Беркімбаев басылымға бұл шынымен де солай екенін растады. Ол халық қалаулысының мәртебесі ұлының тағдырын ешбір жағдайда жеңілдетпейтінін атап өтті.

"Иә, көлікті менің ұлым жүргізді. Әрине, бұл жантүршігерлік қайғы, отбасы үшін орны толмас қаза. Оқиғаның ертеңіне мен отбасына көңіл айтып, жерлеуге қатыстым, осының бәріне шын жүректен қатыстым. Ал мен баламды ақтап алуға тырысқан жоқпын. Ол кінәлі және заң бойынша жауап береді. Қазір тергеу изоляторында отыр", – деді қазіргі Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты.

Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, сол күні кешке ұлы жаттығуға бара жатқан, рульге сергек күйде отырған, мас болмаған, есірткі қабылдамаған. Мұның барлығы сараптама арқылы анықталды.

Еске салайық, 3 желтоқсанда Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кеткен болатын. Ол оқиға орнында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946322-aqtobelik-deputat-15-zasar-oqusyny-qagyp-oltirgen-kolikti-oz-balasy-tizgindegenin-rastady/

pixel