Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ер адам қару-жарақ арсеналымен ұсталды (фото)

Опубликовано:

Күдікті
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы маңында 30 жастағы ер адамнан атыс қаруы мен оқ дәрілердің арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғыны 6 желтоқсан күні Шамалған ауылдық округіндегі Үшқоңыр ауылында бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен ұсталған.

Анықталғандай, ол деструктивті діни ағымды ұстанады. Полицейлер оның көлігінен тапанша, шолақ мылтық және әртүрлі калибрлі көп мөлшердегі оқ-дәрілерді тауып, тәркілеген.

Күдікті
Фото: Алматы облысы ПД

"Алдыңғы жолаушы орындығының астынан 16-калибрлі төрт оқ пен шолақ мылтық, жүксалғыштан 9 мм тапанша және оған арналған 70 патроны бар пластик қап табылды.

Сондай-ақ көліктен 7 дана 5,45 мм винтовкалық қару тәркіленді. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту кезінде винтовкалы және тегіс ұңғылы қарудың әртүрлі калибрлі жиырмадан астам патроны табылды. Қазір баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді Қарасай ауданы полициясының басшысы Болат Тотыбаев.

Фото
Фото: Алматы облысы ПД

Күдіктіден қыркүйек айының басында Қарасай ауданының саяжай қалашығындағы жеке үйден ұрланған плазмалық теледидар да тәркіленді.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946331-almatylyq-er-adam-qaru-zaraq-arsenalymen-ustaldy-foto/

pixel